Баланың мектептегі алғашқы күні
Мен Сартаева Аксымбат Маликовна "Қостанай педагогикалық колледжінің" КМКҚ 4 курс студенті. 1.09.23-09.09.23ж аралығында «Қостанай қаласы білім бөлімінің №24 мектеп–гимназиясы» КММ де "Баланың мектептегі алғашқы күні" атты машықтама өткен болатынмын. Бұл машықтамада бірінші сынып оқушыларының сабаққа бейімделуін бақыладық. Бірінші сынып болғандықтан басында қиын болды, кейбір оқушылар сабақ бойы отыра алмай отырды. Машықтаманың бірінші күні мерекелік іс шарадан басталып оқушылармен,сынып жетекшімен танысқан едік. Сабақ басталған соң әр оқушыны сабақ бойынша бақылап, олардың тәртіп сақтауларын бақыладық. Бір бірімізді бірінші рет көргендіктен әрине таныстыққа арналған "Мен пойызбын", "Менің есімім", "Менен қайтала" атты ойындар ойнап,оқушылармен танысқан болатынбыз. Машықтама бағдарламасы бойынша бір оқушыға және сыныпқа арналған әдістеме өткіздік.